![Атырауда фармацевтикалық зауыттың іргетасы қаланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76615.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Атырауда фармацевтикалық зауыттың іргетасы қаланды.
Келер жылдың соңында іске қосылатын кәсіпорын жылына 1 миллиард 240 миллион дәрі-дәрмек дайындайтын болады.
Зауыт құны 25 миллион АҚШ долларынан асады. Дәрі-дәрмекке қажетті шикізат Қытай мен Үндістаннан әкелінбекші.
Халықаралық талаптарға толықтай жауап беретін өндіріс орнындағы жұмысқа 180 маман жұмылдырылады, деп жоспарланған.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда фармацевтикалық зауыттың іргетасы қаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82046/)