![Маңғыстау облысында «Денсаулық фестивалі» өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76626.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Каспий теңізінің жағалауында 2 мыңнан астам жас жиналып, флеш-моб ұйымдастырды.
Фестивальге 100-ден астам велошеруші де қатысты.
Бұқараның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған шара аясында жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетті.
Фестиваль облыстағы барлық аудан-қалада өтті. Оған 7 мыңнан астам тұрғын қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға атсалысты.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында «Денсаулық фестивалі» өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82057/)