![Астанада медициналық туризмді дамыту талқыланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76638.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада Сумен және климатпен емдеу федерациясы Бас ассамблеясының 67-ші Конгресі ашылды.
Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған шараға әлемнің әр елінен білікті мамандар келді.
Конгрестің негізгі мақсаты - курорттық істі, медициналық туризмді дамыту және курортология саласында зерттеу нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.
Үш күнге созылатын жиында мамандар өзге де өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада медициналық туризмді дамыту талқыланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82069/)