![USAID ұйымы Қазақстандағы 5 жылдық жұмысын сәтті аяқтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76639.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
USAID ұйымы, біздің елде 5 жыл бойы, ана мен баланың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс істеді. Бүгін, америкалық осы құрылым Қазақстандағы қызметін аяқтағаны туралы хабарлап, баспасөз жиынын өткізді.
АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі – Қазақстан және Орталық Азия тұрғындарының денсаулығын жақсартуды көздеп, «Сапалы денсаулық» деген арнайы жоба ашқан.
Құны 56 миллиондық бұл бағдарлама – Орталық Азия мемлекеттерінің медицина жүйесін заман талабына сай реформалауға көп жәрдем етті.
Мұнан бөлек - туберкулез, ВИЧ, ана мен бала денсаулығы, сонымен қатар жүрек-қантамыр ауруларын еңсеруге қолғабыс көрсетті.
Нұбек БАКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=USAID ұйымы Қазақстандағы 5 жылдық жұмысын сәтті аяқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82070/)