![Тегін шеберлік сабақтары өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76655.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қатерлі ісікпен күрес жолында тағы бір қадам жасалды. Астанада бір топ шетелдік ғалым еліміздегі онколог дәрігерлерге тегін шеберлік сабақтарын өткізді. Төрт күнге созылатын біліктілікті арттыру курстарына 80-ге жуық маман қатысты. Сабақтан тыс, онкологтар қатерлі ісікке шалдыққан 20-ға жуық адамды тегін қарап, ем-дом алу үшін әр науқастың жеке бағдарламасын түзеді.
Мамандардың айтуынша, науқастарды емдеудің мұндай әдісі, әсіресе, шетелде жақсы дамыған.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тегін шеберлік сабақтары өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82086/)