![Павлодардағы сал ауруынан емдейтін орталық басшысы марапатталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76696.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодарда ДЦП, яғни, жүйкенің зақымдануынан жүріп-тұруы қиын балаларды емдейтін орталық бар. Онда 150-ден аса бала ем қабылдап жатыр.
Бастапқы кезде демеушілер қаржысына ашылған орталық қазір мемлекеттік тапсырыстар бойынша да жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық жеткіншек ем қабылдады.
Орталықтың ашылуына ұйытқы болған - Зинаида Багненко.
Ол бұл мекемені 18 жылдан бері басқарып келеді. Еңбегі еленіп, жуырда Президент Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардағы сал ауруынан емдейтін орталық басшысы марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82127/)