![Италиялық ортопедтер Қарағандыда шеберлік сабағын өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76722.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық дәрігерлер бұрын-соңды қиынға соққан балалардың туа біткен ортопедиялық ауруына операция жасаудың жаңа әдістерін меңгерді.
Еліміздегі әр алтыншы балада ұршық пен жамбас бітісінде буынның дұрыс жетілмегендігі кездеседі. Осыған қарсы ем-дом қолдану шаралары да түсіндірілді.
Мәселен, Италияда сәбилерге жастайынан жасалатын диагностикалық тексеру нәтижесінде мұндай көрсеткіш анағұрлым қысқарған.
Бұл баланың буын ауруы әбден асқынған тұста келетін ата-аналарға үлкен сабақ, - дейді дәрігерлер.
Карло Орего, «Чезаре Орриго» балалар клиникасының бөлім меңгерушісі (Италия):
Біз мұндағы әріптестеріміздің тез үйренетін қабілетіне таңғалдық. Шеберлік сыныптары барысында олар сүрінбей өтті. Тіпті ортопедияға қатысты кейбір әдіс-тәсілдері бізге де ұнады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италиялық ортопедтер Қарағандыда шеберлік сабағын өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82153/)