![Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76727.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабты Алматыдағы жаңа кеңсенің ашылуымен құттықтады.
Г.Әбдіқалықова халықаралық ұйым бастамасымен қолға алынған медициналық-санитарлық орталықтың ашылуын «Қазақстан медицинасына берілген жоғары баға»,- деді.
Кеңсе алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша Еуропа мен Азия аумағындағы 53 мемлекеттегі шараларды үйлестіруге қауқарлы.
Сондай-ақ, орталық шетелдің озық тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік береді.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82158/)