![Астанада трансплантациялық кешен ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76729.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында енді жылына кем дегенде айына бір рет сүйек кемігі трансплантациясы жасалады. Бүгін гемотоонкология бөлімшесінде трансплантациялық кешен ашылды.
Мұнда заманауи құрылғылармен жабдықталған 6 палата бар. Операция жасау үшін баланың туған-туыстары немесе өзі де донор бола алады. Алғашқы операцияларға шетелдік мамандарды қатыстыру жоспарланып отыр.
Жалпы, елімізде бұл дерт жыл сайын 350-ге жуық баладан анықталады екен. Өткен жылы орталықта 900-ден астам бала ем қабылдаса, дәл қазіргі уақытта 95 бала емделуде. Халықаралық стандарттарға сай келетін кешенде оларға сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік зор.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада трансплантациялық кешен ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82160/)