![Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76740.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институты - еліміздегі 80 жылдық тарихы бар бас офтальмологиялық орталық.
Мұндағы мамандар жылына 13 мыңға жуық науқасқа ота жасап, 5000 мыңдайына ем-дом шараларын көрсетеді.
Елордада «Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды.
Бұрын-соңды дәрігерлер науқасқа жарты сағат ота жасайтын. Ал, «Эксимер Лазер» құрылғысының арқасында 7 минутта ота жасап, көру қабілетін жақсарта алады.
Орталық күніне 200-ге жуық адамды емін-еркін қабылдайды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көз аурулары қазақ-ғылыми зерттеу институтының жаңа бөлімшесі ашылды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82171/)