![Алматыда туберкулезбен күрес мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76756.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының ұйымдастыруымен жұқпалы дертпен күресуге бағытталған халықаралық конференция өтті.
Алқалы жиынға алыс-жақын шетелдің белгілі ғалымдары қатысып, баяндама жасады.
Соңғы 10 жылдағы туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асырудың арқасында дерт 55 пайызға төмендеген.
«Дерттің әсерлі шипасын табу жолында оңтүстіккореялық мамандар қазақ ғалымдарымен бірігіп, тығыз қызмет етудеміз. Осындай іс-шаралар Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосады деп сенемін», дейді «Bio Focus Co.LTD» компаниясының президенті Джэки Со.
Құлмахан САЛЫБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда туберкулезбен күрес мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82187/)