![Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76787.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады. Шараға алғашқы болып облыстық медициналық орталықтың қызметкерлері үн қосты.
Бұған дейін өңірдегі оқу орындары мен мекемелер белсенділік танытып келген.
Облыстық қан орталығында жылына 5 тоннаға жуық қан жиналып, одан 35 түрлі өнім дайындалып, тиісті мекемелерге жіберіледі.
«Алайда, бұл аздық етеді», дейді мамандар. Сондықтан да, «Донор бол!» акциясын жиі өткізіп тұрады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82218/)