![Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76791.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінде аллергияны анықтаудың заманауи әдістері көп. Қан тапсыру арқылы дәрігерлер дерттің неден пайда болғанын оп-оңай анықтап береді.
Аллергияның қай түрімен ауыратыныңызды, өсімдік пе, тағамның белгілі бір түрі ме, шаң-тозаң ба, оны анықтайтын құрылғы «Фадиа-250» деп аталады.
Қазақстандағы жалғыз әрі заманауи үлгідегі соңғы құрылғыда зертхана мамандары монитор арқылы іске қосады. Оған 250-ге жуық адамның қан үлгілері салынып, зерттеледі, тексеріледі. Ал, 2 сағаттың көлемінде мына монитор арқылы белгілі болады.
Әлем медицинасы аллергияны емдейтін дәрі-дәрмектің 100-ден астам түрін ойлап табуда. Алайда, бұл – дерттен құтылудың кепілі емес. Бүгінде клиникалық-зертхана мамандары «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды» қарастырған.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82222/)