![Астанадағы Орынбор көшесінде жаңа емхана ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76808.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада жаңа емхана ашылды. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған амбулаториялық кешен бір ауысымда 500 адам қабылдайды.
Нысан консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы тәжірибе, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінен, 20 орындық күндізгі стационар және амбулаториялық хирургия орталығынан тұрады.
Мұнда заманауи медициналық құрал-жабдықтың барлығы орнатылған.
Орынбор көшесіндегі заманауи емхана енді сол жағалаудағы 80 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсететін болады.
Айбар ЖАҚСЫБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы Орынбор көшесінде жаңа емхана ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82239/)