![Ардақ Теңгебаев: ЕАЭО Кедендік кодексінде құжатты электронды түрде жүргізу көзделген](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75941.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуразиялық экономикалық одақ қағазбастылықтан бас тартпақ.
Ұйымның жаңа Кедендік кодексінде құжат айналымын электронды түрде жүргізу көзделген. Бұл туралы журналистермен кездескен Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлімдеді.
Қазіргі уақытта орган кедендік операцияларды жеңілдетуге басымдық берген. Мысалы, заңды тұлғаларға енді кедендік операцияларға қатыспай-ақ қоюға болады. Себебі, жүйе автоматты түрде реттеледі.
Сондай-ақ, декларацияны электронды түрде тапсыру жағы қарастырылуда.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ардақ Теңгебаев: ЕАЭО Кедендік кодексінде құжатты электронды түрде жүргізу көзделген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8238/)