![Қазақстанда жыл сайын 75 мың жүрекке операция жасалады - Алексей Цой](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_877.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасында жыл сайын 75 мыңнан аса кардиохирургиялық операциялар жасайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық денсаулық сақтау саласының үздік дәстүрлері - медицина қызметкерлері ерен еңбегінің жемісі» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.
«Жыл сайын республикада 75 мыңнан астам кардиохирургиялық операциялар жасалады. Инсульттың асқынуынан өлім-жітім мен мүгедектікті азайту үшін 40 инсульт орталығы ашылды. Соның арқасында, миына қан шауып, қан айналымы бұзылғаннан болатын өлім-жітім саны бес жылда екі есеге азайды», - деп хабарлады А.Цой.
Оның айтуынша, соңғы 5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам операция жасалған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жыл сайын 75 мың жүрекке операция жасалады - Алексей Цой&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82432/)