Оған ерікті түрде қан тапсыратын донорлар қатысты. Елдің әр қиырынан жиналған оларды мекеме ұжымы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, ардагер донорлар да ескерусіз қалмады. Мәселен, ТМД бойынша қан өткізуден чемпион атанған Александр Скаковский. Ол - әлемдік рейтингте екінші орында тұрған донор. Қария осы уақытқа дейін 530 литр қан тапсырған. Мамандардың сөзінше, соңғы 10 жылда бізде ерікті донорлардың саны екі есе артқан.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы қан орталығында «Сенің күнің, донор!» атты мерекелік шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82549/)