Елімізде медициналық қызметті заман талабына сай жаңғырту үшін Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ісі қолға алынды. Егер бұл жүйе толықтай жүзеге асса, алғашқы медициналық көмектің сапасы жақсарады. Бұл туралы дәрігерлердің Еуразиялық V халықаралық конгресінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Ведомство басшысының сөзінше, әлемдегі дамыған мемлекеттерде міндетті сақтандыру жүйесі қалыпты жағдай. Сондықтан, Қазақстан осы халықаралық тәжірибиеге сүйеніп отыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Медициналық сақтандыру - заман талабы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82556/)