Хабар барысында Елжан Біртанов дәрі-дәрмек нарығындағы мәселелерге де тоқталды.
«Қазіргі таңда елімізде шығарылып жатқан фармацевтикалық заттардың көлемі жыл санап артып келеді. Бүгінде сатылып жатқан дәрі-дәрмектің жалпы көлемі 400 миллиардтан астам теңге. Оның 15 пайызы – отандық дәрі-дәрмектер. Қазір елімізде 50-ден астам отандық өндіруші бар. Біздің есебіміз бойынша, 2020 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек көлемі 50 пайызға артады».
Сондай-ақ, хабарда кадр тапшылығы, саладағы жемқорлық мәселесі де қозғалды.
Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырыпта» ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қонақта болып, медицина саласындағы қордаланған мәселелер турасында пікір білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елжан Біртанов: 2020 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек көлемі 50 пайызға артады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82561/)