![Қостанай облысында «Агронауқан-2015» көрмесі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75951.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанай облысы көктемгі егіске дайын. Аграрлық сала мамандарын жинап, кеңес өткізген аймақ басшылары осылай дейді.
Кеңестің соңы «Агронауқан-2015» деп аталатын ауыл шаруашылығы көрмесіне ұласты. Мақсат - шаруаларды отандық және шетелдік жаңа техникалармен таныстыру.
Көрмеге 60-тан астам отандық кәсіпорындардың өнімдері қойылған.
Биыл облыс бойынша 4 миллион 700 мың гектар жерге егін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс диқандарына 71 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай жеткізіледі.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында «Агронауқан-2015» көрмесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8259/)