Дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланбаудың кесірінен жылда бірнеше адам зардап шегеді. Осындай қателіктерді болдырмай, фармацевтиканың келешегін талқылау үшін Астанада медицина саласының жүздеген маманы бас қосты.
Халықаралық конференцияда көтерілген мәселелердің бірі – кей фармацевт пен дәрігердің сыбайластығы. Яғни, ақ халаттылар сырқаттарға дәрі тағайындағанда өздері келісіп қойған дәріханаларға ғана жіберуі әлі де жалғасып жатқаны сөз етілді.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада медицина саласының жүздеген маманы бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82599/)