Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін уақытша шегеріп, жүйедегі азды-көпті кемшіліктерді реттеуді тапсырған болатын. Медицина саласы мамандары бұл мәселені жан-жақты таразылап, оңтайландыруды ойластыру үстінде. Осы мақсатта Алматыда Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында медициналық мекемелер қызметкерлері бас қосты. Семинарда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіндегі күрмеуі көп мәселелер талқыланды. Мамандар бұл жүйенің артықшылығы мен кемшілігін егжей-тегжейлі қарастырды.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәселелер талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82602/)