Бүгін Астанада денсаулық сақтау жөніндегі 14-ші халықаралық көрмесі басталды. Оған алыс-жақын шетелдерден 80-нен астам компания келген. Көрме бөлімдері медициналық өнеркәсіптік бірнеше секторды қамтиды. Шара барысында медициналық техникалар, ультрадыбыстық, диагностикалық жабдықтар қойылған.
Сондай-ақ, басқа да медициналық жаңа жобалар ұсынылды. Денсаулық сақтау - жалпы әлем бойынша ең салмақты сала. Сол себепті, осындай шаралар мамандардың тәжірибе алмасуына таптырмас мүмкіндік. Осы көрме барысында да, қатысушылар өзара жобаларын талқылап, ой-пікір алмасты. Көрме 3 күнге созылады.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Astana Zdorovie-2017» көрмесі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82640/)