![Шығыс Қазақстанда 4 бала менингитке шалдыққан](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_113589.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстанда бес айда 4 бала менингококк инфекциясын жұқтырған. Оның бірі мектеп оқушысы болса, үш бала бүлдіршін. Мамандардың айтуынша, 2009-2011 жылдар аралығында жылына он шақты адам осы ауруға шалдыққан. Былтыр 7 оқиға тіркелген. Ал, осы жолы менингитті жұқтырған балалардың жағдайы ауыр болғанымен, қазір денсаулықтары жақсы. Науқас балалармен қарым-қатынаста болған 90-ға жуық адам медициналық тексеруден өткен. Дәрігерлер «бұл қалыпты жағдай», - дейді. Алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде.
Райфа Сафиоллинова, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- ШҚО-да менингит ауруына қарсы поливалентті вакцина бар. Оны тұрғындар қаладағы №2 ауруханадан ала алады.
Айдана ДАЙЫРОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда 4 бала менингитке шалдыққан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82764/)