Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қолжетімді қылуға уәде ететін қауымдастық пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қолжетімді қылуға уәде ететін қауымдастық пайда болды

18.09.2018

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қолжетімді қылуға уәде ететін қауымдастық пайда болды. Ұйымның ресми ашылу салтанаты Астананың №10 емханасында өтті. Қауымдастық шараға мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес мекемелердің өкілдерін, дәрігерлер мен медициналық орталық жетекшілерін шақырып, осы салада қордаланып қалған мәселелердің басын ашты. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлесе ашып отырған «Primary health care» қауымдастығы бұл кездесуде өздерінің қанатқақты жобаларымен де таныстырды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің емханалар санын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы көбейту ұсынысын да қолдайтынын жеткізді. Ол үшін бизнес өкілдерін ынталандырып, қалалардағы үлкен аудандар, не тұрғын үй кешендерінде шағын емдеу орталықтарын ашуды көздеп отыр. Осылайша, халық үшін алғашқы медициналық жәрдем алу үшін алыстағы емханаға бару қажет болмайды. 

Төлебай Рахыпбеков, «Primary health care» ұлттық қауымдастығы басқармасының президенті:

- 16 алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды. Соларда оқытып жатырмыз. Олардың жабдықтары, дәрігерлердің оқытуы, медбикелердің оқытуы бар. Олар әрбір аймақта өздері алып кететін болады. Соның бәріне біздің ассоциацияның қарайтыны тек қана бір салада емес, мысалы, медициналық көмек көрсету, біз халықтың да көзқарасымен қарап, халыққа қай бұйрық қалай әсер ететінін, заң өзгерістері қалай әсер етеді екен, сондықтан, біз үш жақты қамтимыз деп отырмыз.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу