![«G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің өкілдері қызығушылық танытуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75968.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үш жыл бойы интернет-кеңістікте жүзеге асырылып жатқан «G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің миллионнан астам өкілі қызығушылық білдіріп отыр.
Бұл туралы бүгін Сенат депутаты, «G-GLOBAL» Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты.
Оның мәліметіне сәйкес, «G-GLOBAL» еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отыр.
Бүгінгі күні 150 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 8 мыңнан астам баяндама орналастырылған. Жоба қысқа мерзімде халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болып отыр.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің өкілдері қызығушылық танытуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8298/)