Бұл - былтырғыдан екі есе көп. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің айтуынша, ауру жұқтырған адамдардың барлығы Тайландқа барып келген. Оларға инфекция маса шаққаннан жұққан. Өйткені бұл - Оңтүстік-шығыс Азия және Африка елдерінде өмір сүретін маса арқылы жұғатын ауру. Жыл сайын осы дертпен 50 миллионға жуық адам ауырады. Ал, елімізде шамамен 5 адамда кездеседі. Қазір науқастарға тиісті емдік шаралар көрсетіліп жатыр.
Айзат Молдақасымова, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
- Екеуі әлі емделіп жатыр. 5-ші адам Тайландта демалып жатқан кезде дене қызуы көтеліріп, бөртпе шыққаннан кейін, сол жердегі ауруханаға хабарласқан. Сол жердегі дәрігелер оған осы диагнозды қойған.
Аманкелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 5 адам Денге безгенін жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82999/)