Бұл - жарымжан жандарға көмек көрсететін алғашқы жекеменшік нысан. Қазір мұнда мемлекеттік жалғыз мекеме жұмыс істеп тұр. «Ал, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында 1300-ге жуық бала осындай орталыққа мұқтаж», - дейді мамандар.
Өкінішке қарай, жаңа әлеуметтік нысан тек 30 балаға арналған. Егер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекеттік тапсырыс болса, кеңейтуді көздеп отыр. Мұнда логопед, дефектолог мамандар жұмыс істейді. «Балалардың ортаға бейімделуіне көмек көрсетеді. Алғашқы нәтижелері жаман емес», - дейді ата-аналар.
Бауыржан Мұқанов, Жезқазған қаласының тұрғыны
- Балада өзгеріс бар. Мұнда қуана келеді. Қызығып келеді. Көпшілікпен араласады, үйренеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жезқазғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83035/)