2020 жылдан бастап медициналық қызметтердің сапасы да, қолжетімділігі де арта түседі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру - соның кепілі. Жаңа жүйе шеңберінде құны қымбат емдеу шараларына белгілі бір көлемде жеңілдіктер қарастырылады. Сондай-ақ, оған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосыңыз.
Әуелі кепілдендірілген медициналық көмек жөнінде. Бюджеттен бұған жылына 1 трлн.тг бөлінеді. Жедел жәрдем, санитарлық авиация, созылмалы ауруларды бақылау, стационарлық ем. Бәрі де тегін.
Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасы:
Туберкулезге шалдыққандар медициналық оңалтудан өтіп, зәру азаматтарға паллиативтік көмек көрсетіледі. Жұқпалы емес аурулардың негізгі түрлері мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар да тегін емделеді.
Екінші көмек – міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру. Оған қымбат операциялар, сирек медициналық қызмет, салалық мамандардың қабылдауы сияқты мүмкіндіктер кіреді.
Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағасы:
Сақтандыру пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізіледі. Сондай-ақ, жарна төлеген азамат кепілдендірілген тегін көмек пакетіне енбеген сырқатқа шалдықса, стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық көмекті де осы МӘМС пакеті шеңберінде ала алады.
Бүгінде ел азаматтары ем-домына жұмсалатын қаражаттың 40%-ын қалтасынан төлейді. Ал жаңа жүйеде сол шығындардың белгілі бөлігі сақтандыру арқылы толық жабылады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2020 жылдан бастап медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83059/)