![И.Тасмағамбетов: «Лесная поляна» Астана қаласына қосылмайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33617.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Лесная поляна» тұрғын үй алабы Астана қаласына қосылмайды. Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогында мәлім етті.
Елорда әкімінің блогына: «Лесная поляна» тұрғын үй алабы қалаға қашан қосылады?», - деп сауал жолдаған Қосшы елді мекенінің тұрғыны.
«Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы №1064 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 шілдедегі №884 Қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларын өзгерту қарастырылмаған. Ақмола облысының Қосшы ауылында орналасқан «Лесная поляна» тұрғын үй алабын Астана қаласына қосу көзделмеген», - деп жауап берген И.Тасмағамбетов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=И.Тасмағамбетов: «Лесная поляна» Астана қаласына қосылмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83157/)