![Дерек Чисора: Владимир Кличконы сұлатып саламын!](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33619.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Британдық боксшы Дерек Чисора украиндық Владимир Кличкомен жекпе-жек өткізуге ниетті, деп жазады шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары.
Бұл арқылы Чисора оның ағасы Виталий Кличкода кеткен есені қайтармақ. Сол жекпе-жекте британдық боксшы Виталий Кличкодан ұпай санымен ұтылған еді.
Бірақ, Чисора алдымен украиндық боксшы Андрей Руденконы жеңуі керек. Бұл жекпе-жек 15 ақпан күні Лондонда өтеді.
Кәсіпқой бокста Дерек Чисора 22 жекпе-жек өткізген. Оның еншісінде 19 жеңіс және 3 жеңіліс бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дерек Чисора: Владимир Кличконы сұлатып саламын!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83159/)