![Қазгидромет ескертеді: Еліміздің басым аймақтарында аяз күшейеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33672.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ескерту жариялады.
4-5 қаңтар күндері Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 4-6 қаңтар күндері Қарағанды, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді, түнде -30,-35, кей жерлерде -38 градусқа дейін, күндіз -23,-28, кейбір аймақтарда -31 градусқа дейін суытады.
4-6 қаңтар күндері Қызылорда облысында түнде -20,-25, кей жерлерде -30, күндіз -15,-20, кейбір жерде -23 градус аяз болады.
5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде -15,-20, кейбір аймақта 25, күндіз -10,-15, бірқатар жерде -18 градусқа дейін температура төмендейді деп болжануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет ескертеді: Еліміздің басым аймақтарында аяз күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83212/)