![Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33699.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды. Оған әлемге танымал World Press Рhoto халықаралық байқауы жеңімпаздарының туындылары қойылған. Мәдени шараның биылғы тақырыбы - адам құқығы.
World Press Рhoto байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 100 мыңға жуық фотожурналист қатысқан. Алайда, Қарағандыдағы көрмеде тек ең үздік деген 150 фото ұсынылған. Әр туындыдан адам құқығы туралы бейнелерді көруге болады.
Ұйымдастырушылар көрменің басты мақсаты - күнделікті өмірде адам көзінен таса қалып жататын оқиғаларды халыққа жеткізу дейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83239/)