![Украинада Ленин ескерткішіне қарсы «соғыс» жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33722.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
6 қаңтарға қараған түні Украинаның Одесса облысы Березовка ауданында Ленин ескерткішіне белгісіз біреулер қара түсті бояу жағып кеткен.
Украина Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы 6 айдан 5 жыл мерзімге дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл Ленин ескерткішіне жасалып отырған бірінші шабуыл емес. 2013 жылдың 8 желтоқсанында Киев орталығындағы Ленин ескерткіші құлатылды. Кейін оның сынықтары интернет арқылы сатылды. Одесса облысының Котовск қаласы мен Николаевск ауданындағы Ленин ескерткішін де белгісіз біреулер сындырып кетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинада Ленин ескерткішіне қарсы «соғыс» жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83262/)