![Шымкентте үш сәбиді көшеге тастап кеткен](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33737.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте белгісіз біреулер кәмелетке толмаған үш баланы көшеде қалдырып кеткен. Оларды «Қайтпас-1» шағын ауданының тұрғыны Фарида Сариева үйінің маңында тауып алған, деп хабарлайды Отырар.kz.
Балалардың үлкені Керемет - 3 жаста. Мирас - 1 жаста, ал Кәусар тоғызайлық.
«Біз балаларды жылы көрпеге орап, тамақтандырдық. Олардың қарындары аш және қатты тонған», - дейді Шымкент тұрғыны.
Келесі күні таңда әйел полицияға хабарласқан. Үлкенін оңалту орталығына жіберіп, екі кішкентайды ауруханаға орналастырған. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың дені сау.
Балаларды табылғаннан бері алты күн өтті. Әзірге ата-анасы белгісіз. Егер бір айдың ішінде анықталмаса, балалар үйіне орналастырылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте үш сәбиді көшеге тастап кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83277/)