![Ақтауда техно-роботтардың көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33769.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтауда Алматы қаласының жекеменшік топтамасынан техно-роботтардың көрмесі ашылды. Техноиндустрияның тың өнімдерін көрсететін экспозиция осымен еліміздің 12-ші қаласында ұйымдастырылуда.
Әр елден жиналған 20 роботтан тұратын топтамадағы ең кішкентай құлтемірдің биіктігі - 16,5 см, ал ең үлкені шамамен 50 см шамасында. Роботтар пульт, дауыс және сенсор арқылы басқарылады. Топтамадағы Элвис Пресли аниматронигі арқылы оған микрофон қосып, караоке ретінде де пайдалануға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда техно-роботтардың көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83309/)