![Бүгін Торғай мектебінің ашылғанына 150 жыл толды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33771.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ыбырай Алтынсарин 1864 жылы 8-қаңтарда Торғай мектебін ашқан. Мектеп табалдырығын алғаш 14 қазақ баласы аттаған.
«Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға «қойға шапқан аш қасқырдай» қызу кірістім», – деп жазады Ы. Алтынсарин белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында.
«Қазақтар мені құшағын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр», – дейді ол тағы бір хатында.
Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Торғай мектебінің ашылғанына 150 жыл толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83311/)