«Шахтердің» жартылай қорғаушысы украиналық клубқа ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтердің» жартылай қорғаушысы украиналық клубқа ауысты

09.01.2014
«Шахтердің» жартылай қорғаушысы украиналық клубқа ауысты
 
 «Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс донецкілік «Металлург» командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
23 жасар колумбиялық жаңа клубпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы «Металлургтің» спорт директоры Вардан Исраелян мәлім етті. Алайда ол келісімшарттың егжей-тегжейіне тоқталған жоқ.
 
«Transfermarkt.de» порталының мәліметтері бойынша, ойыншының трансферлік құны 300 мың еуро. 14 қаңтар күні Каньяс командамен бірге Түркияға оқу-жаттығу жиындарына аттанады деп күтілуде.

Айта кетейік, Каньяс қарағандылық «Шахтер» клубына 2012 жылы келген. Осы қысқа уақыттың ішінде ол команда сапында 50 ойын өткізіп, ел чемпионатын (2012), Қазақстан Кубогы (2013) және Суперкубогын (2013) жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу