![Астанада тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33791.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы хабарлады.
Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан, жетім, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау.
Сондай-ақ, балалардың сабаққа әлеуметтік себептермен (киім-кешектің, аяқ киімнің, мектепке қажетті жабдықтардың болмауы) қатыспауының алдын алу.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83331/)