![WSB. Асхат Уәлиханов та жеңіске жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33846.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы «Astana Arlans» пен «Poland Hussars» командалары арасындағы кездесуде үшінші болып шаршы алаңға 64 келідегі боксшылар көтерілді. Бұл салмақтағы «арлан» Асхат Уәлихановтың қарсыласы - Дамиан Кивиор болды.
Жекпе-жекті Асхат Уәлиханов аздаған ұпай артықшылығымен аяқтады. Бұл - қазақстандық боксшының Дүниежүзілік бокс сериясындағы екінші жеңісі. Бұған дейін Асхат әзірбайжандық Осман Әлиевтен басым түскен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қос команданың арасындағы жекпе-жек Польшаның Вышкув қаласында өтіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=WSB. Асхат Уәлиханов та жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83386/)