![Головкин - Адама жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33950.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ганалық боксшы Осуману Адама жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды.
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) пуэрторикалық рефери Луис Пабонды тағайындады. Ол украиналық Владимир Кличко мен ресейлік Александр Поветкин жекпе-жегінде төрелік еткен.
Оған оңтүстікафрикалық Стэнли Христодулу, бельгиялық Филипп Вебеке және польшалық Лешек Янковиак көмектеседі. Жекпе-жектің супервайзері - Майк Макалинан.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық және ганалық боксшы арасындағы жекпе-жек 1 ақпанда Монте-Карлода өтеді. Бұл кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин - Адама жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83490/)