![Зарина Диас «Күннің үздік спортшы аруы» атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34022.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Австралия ашық біріншілігінде спорттағы жарыс жолында алғаш рет үшінші айналымға өткен қазақстандық теннисші Зарина Диас Sport.ru порталының «Күннің үздік спортшы аруы» деп жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл - 20 жастағы спортшы үшін турнирдегі сенсациялық жағдай. Қазір ол жарыстың 1/16 финалында.
Айта кетейік, «Australian Open» жарысының алғашқы айналымында Зарина чехиялық спортшы Катерина Синякованы ұтса, екінші айналымда жаңазеландиялық теннисші Марина Эраковичтан басым түсті.
Ертең, яғни, 18 қаңтарда Зарина Диас әлемнің 11-ші ракеткасы румыниялық Симона Халеппен бақ сынасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас «Күннің үздік спортшы аруы» атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83562/)