![WSB. Руслан Мырсатаев жеңіс биігінен көріне алмады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34056.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аса ауыр салмақтағы боксшылар бәсекесінде Руслан Мырсатаев пен Қажы Муртузалиев жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл маусымдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал Муртузалиев болса, жақында ресейлік клубпен болған жекпе-жекте Сергей Кузьминмен жұдырықтасып, ұпай санымен ұтылып қалды.
Бұл жекпе-жек әзірбайжандық боксшының пайдасына шешілді. Қорытынды есеп: 4:1. Жалпы, «Astana Arlans» үшін әзірбайжандық клубы өте қолайсыз қарсылас. Осыған дейін қос команда өзара бес жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде «Baku Fires» боксшылары жеңіске жеткен еді.
«Astana Arlans» келесі жекпе-жегін 1 ақпанда «Russian Boxing Team» командасымен өткізеді. Кездесу Алматыда өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=WSB. Руслан Мырсатаев жеңіс биігінен көріне алмады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83596/)