![Геннадий Головкин 26 сәуірде шаршы алаңға шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34086.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 26 сәуірде жекпе-жекке шығады.
К2 промоутерлік компаниясы бұл күні қазақстандық боксшының жекпе-жегі үшін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасынан орын алып қойды.
Головкиннің қарсыласы әзірге белгісіз. Алайда ол америкалық боксшы Джеймс Киркленд болады деп күтілуде. Киркленд өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсанда Глен Тапиамен өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Естеріңзге сала кетейік, Геннадий Головкин 1 ақпан күні Монте-Карлода шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - Осуману Адама. Жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин 26 сәуірде шаршы алаңға шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83626/)