![Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34094.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Индонезияның шығысындағы Малуку провинциясында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Оқыс оқиғадан ұшқыш пен экипаждың үш мүшесі қаза тапты.
Чартерлік рейс жасаған ұшақ Папуа штатының астанасы - Джаяпура қаласындағы Сентани әуежайынан ұшып шыққан. Жергілікті уақыт бойынша (07:00 мск) күндіз ұшақ Туал қаласындағы жағажайға құлаған.
РБК агенттігінің хабарлауынша, апат кезінде жергілікті тұрғындардан зардап шеккендер жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83634/)