![Бірқатар облыста көлік қозғалысы шектелді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34116.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазақАвтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қарағанды облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1425 шақырымындағы Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау аралығы жабық тұр.
Қостанай облысы өңірінде «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» жолының 509-549 шақырымындағы Рудный мен Қостанай аралығы, «Екатеринбург - Алматы» жолының 374-544 шақырымындағы РФ шекарасы мен Қостанай аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Сондай-ақ, Павлодар облысында бүгін түсте «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 шақырымындағы Шідерті мен Астана аралығындағы жол жабылды.
СҚО аумағында барлық автокөлік түрлері үшін «Мамлютка-Қостанай» жолының 0-180 шақырымы аралығында көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.
Сонымен қатар, Ақмола облысы аумағында бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.
Қазіргі кезде бұл жолдарда «ҚазақАвтожол» РМК-ның өңірлік филиалдарының арнайы техникалары мен қызметкерлері кезекшілікке шықты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бірқатар облыста көлік қозғалысы шектелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83656/)