![Флорида жағалауында 12 дельфиннің не себептен өлгені анықталмай отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34159.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ-тың мұхит және атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасы хабарлады.
Бірнеше күн бұрын Флорида жағалауының маңында 18 дельфин жүргені байқалған. Дүйсенбі күні құтқарушылар 2 өлі жануардың үстінен шыққан. Бейсенбі күні жағалауда әлсіреп жатқан тағы 2 дельфин солардың кебін киді.
Сейсенбіде тағыда 8-інің өлігі табылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Негізінен олар 25-30 шақтысы топтасып өмір сүреді. Жаппай өлімнің себебін анықтау үшін өлген делфиндерге зерттеу жүргізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Флорида жағалауында 12 дельфиннің не себептен өлгені анықталмай отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83699/)