![WSB. Ресей боксшыларымен жұдырықтасатын «арландар» анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34192.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы «Astana Arlans» мен «Russian Boxing Team» жекпе-жегінде қазақстандық клубтың құрамынан мықты боксшылар шаршы алаңға шығады.
49 келі. Азамат Исақұлов – Белик Галанов.
56 келі. Мейірболат Тойытов - Эдуард Абзалимов.
64 келі. Асхат Уәлиханов - Григорий Лизуненко.
75 келі. Сергей Деревянченко - Петр Хамуков.
91 келі. Василий Левит - Алексей Егоров.
Естеріңізге сала кетейік, Санк-Петербургте өткен кездесуде «Astana Arlans» боксшылары 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Дегенмен Сергей Корчинский шәкірттері соңғы кездесуде әзірбайжандық «Baku Fires» командасынан 1:4 есебімен ұтылды.
Қазақстандық команда алты кездесуден кейін өз тобында екінші орында келеді. Ал ресейлік боксшылар үшінші орында. Топ басында – «Cuba Domadores».
«Astana Arlans» мен «Russian Boxing Team» жекпе-жегі 1 ақпан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Басталу уақыты – 19:30.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=WSB. Ресей боксшыларымен жұдырықтасатын «арландар» анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83732/)