![Головкин-Адама жекпе-жегіне 24 мың теңгемен кіруге болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34247.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBO және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ганалық боксшы Осуману Адама жекпе-жегінің билетін 24 мың теңгеге (153,50 АҚШ доллары) алуға болады, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл - жекпе-жектің бесінші категориялы билетінің құны.
Төртінші категориялы билет – 32 мың теңге (203,50 АҚШ доллары), үшінші категориялы билет – 63 мың теңге (403,50 АҚШ доллары).
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек ақпанның 1-нен 2-не қараған түні Монте-Карлода өтеді. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал танымал америкалық НВО телеарнасы техникалық қиындықтарға байланысты трансляция жүргізуден бас тартты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин-Адама жекпе-жегіне 24 мың теңгемен кіруге болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83787/)