![Головкиннен ұтылған Кертис Стивенс жекпе-жекке шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_34248.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2013 жылдың 3 қарашасында WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкинмен жекпе-жекте техникалық нокаутпен ұтылған америкалық Кертис Стивенс рингке қайтып оралды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлауда.
Стивенстің бұл жолғы қарсыласы - польшалық Патрик Маевский. Жекпе-жек бүгін өтеді деп жоспарланған.
Головкинмен жұдырықтасқан Стивенс қазақстандықтың соққыларына 8 раунд қана төтеп бере алған еді.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 1 ақпан күні ганалық Осумана Адамамен кездеседі. Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкиннен ұтылған Кертис Стивенс жекпе-жекке шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/83788/)